Балқашта 6 көшенің жолы жөнделеді

Биыл Балқашта 6 көшенің жолына орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Мамандар сәуір айының ортасынан бастап іске кіріспек.Тізімге іліккендердің бірі — Уалиханов көшесі. Жол түгелдей емес, Рысқұлов көшесінен Қадыржановқа дейін жөнделеді. Одан кейін Байсейтова. Қараменде би мен Желтоқсан көшесінің аралығын асфальттау көзделген. Тағы бірі Молдағұлова. Жөндеу жұмыстары Лениннен басталып, Желтоқсан көшесіне дейін жалғасады. Одан бөлек Қоңырат мөлтек ауданында 3 көшенің жолы жаңартылады. Атап айтсақ Алтынсарин, Балхашская және  Зайцев. Жалпы алғанда 4 км жол орташа жөндеуден өтеді. Құрылысқа мемлекет қорынан 188 млн теңге бөлінген. Оның 70 млн. теңгесі облыстан, қалған 117 млн. теңге жергілікті бюджеттен. Бұдан бөлек, биыл 10 көшеде  ойықтарға толы жолдар  жамалады.

Нұрболат Бөлеген – ТКШ бөлімі жетекшісінің м.а

«Уалиханова көшесіне келетін болсақ, бұл көше тозығы жетті. Жөндеу көрмегелі 8 жылдай болды. Уақыты келгеннен кейін орташа жол жөндеу жұмыстарын жасаймыз деп шештік. Ал Молдағұлова көшесіне келетін болсақ, өздеріңіз білесіздер былтыр абаттандыру жұмыстарын жүргіздік. Соған байланысты абаттандыруды толықтай бітіру үшін осы көше таңдап алынды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login