Балқаш жаңалықтары 01.04.2019

  1. Балқашта көпбалалы аналарға тағайындаған жәрдемақыны түсіндіретін бөлімшелер ашылды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары Қоңырат мөлтек ауданы мен Балқаш бекетінде бүгін жұмыстарын бастады. Бұған дейін мұндай бөлімше 3-еу болған. Мамандар «Зере» сауда үйінде, «Рухани жаңғыру» жастар орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталығында да жәрдемақы және жұмысқа орналастыруға қатысты туындаған сұрақтарға жауап ала алады.
  2. Балқаш тұрғыны пәтерде жыртқыш құс асырап отыр. Сұңқар тұқымдас лашынды Жұмағазы Мұхаметжанов Оңтүстік Қазақстаннан әкелген. Ол дала жануарын қолға үйретіп, спорттық аң аулауға дайындамақ. Көкдауыл есімді лашын адамдарға үйреністі ме оны тілшіміз біліп қайтты. Толығырақ бейнематериалда.
  3. Жезтаңдай балқаштықтарды ән айтуға шақырады. Қаламызда «Алтынай» вокалды эстрадалы ансамблі қайта жанданды. Соған орай М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында кеш өткізілді. Биыл топты қайта жаңғырту қолға алынған. Қазір ансамбльге мүше болатын таланттыларды іздестіруде. Бағын сынап көремін дегендер М.Хамзин атындағы мәдеиет сарайына барса болады.
  4. Балқашта «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу сайысы өтті. Боз кілемде 8 салмақ дәрежесіндегі 70 балуан бақ сынасты. Әр салмақ дәрежесіндегі чемпиондар облыстық кезеңге жолдама алды.
  5. Балқаштықтардың жаңбырлы апта күтіп тұр. Жауын-шашын өңірге келген антициклонның салдарынан болып отыр. Қаламызда жаңбырмен қоса қар жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашын бір аптаға жалғасады. Қала тұманданып, түнде 3-5 градус жылы, ал күндіз плюс 12-14 градус болмақ. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login