Балқашта үздік балабақша тәрбиешілері анықталды

«Алпамыс» балабақшасында «Мектепке дейінгі мекеменің үздік педагогы» атты байқау өтті. Жарысқа қаламыздағы 6 балабақша педагогтары қатысты. Үш кезеңнен тұратын сайыста алдымен қатысушылар өздерін таныстырды, екінші кезең сұрақ — жауап, үшінші кезеңде демалыс уақыттарын көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша «Балақай» балабакшасының қатысушысы Тілеуберген Айгерім үздік деп танылды. Ал, 2 орынды «Ертөстік» және «Жұлдыз»балабақшасының қатысушылары Байғалықова Айнұр мен Марат Лиана иеленді. «Айгөлек» балабақшасынан Ракишева Алтынай, «Күншуақ» балабақшасынан Ильчикаева Ольга және «Бөбек» балабақшасының атынан шыққан Жахметова Балдырған Юрьевна үшінші орынды қанағат тұтты.



Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login