Балқаш жаңалықтары 28.03.2019

  1. Балқаштың орталық көшесінде бір бөлмелі пәтер өртенді. Қызыл жалын кезінде үйде ер адам мен әйел болған. Екеуі де күйіп қалды. Жалынның қатты болғаны соншалық, түтін түгел подъезге жайылып, көршілер далаға шығарылды.  Өрттің салдары мен себебі жайында келесі сюжетте.
  2. Интернет арқылы дәрісатқанБалқаш тұрғынына 240 мың теңге айыппұл салынды. Айыпталушы OLX сайтына «Suplasyn» препаратын сататынын жазып, хабарландыру берген. Аталмыш дәрі арнайы шприці бар буынға арналған екпе. Осылайша қала тұрғыны қолдануға болмайтын медициналық өнімді ешбір құжатсыз сатуға қойып, фармацевтика қызметінің ережесін бұзған. Полицейлер әйелді телефон нөмірі арқылы тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сотта айыпталушыға 240 мың теңге айыппұл салынды. Тұрғын бұл соманы 1 айдың ішінде төлеп, дәріні мемлекетке қайтаруы тиіс
  3. Балқаш, Приозерск қаласы мен Ақтоғай ауданының оқушылары ҰБТ тапсырды. Жаңа өзгерістер бойынша  түлектер жаңа жылдан бері 4 рет тестілеуден өтеді. Бір айта кетерлігі сынаққа қатысу, қатыспау түлектің өз еркінде. Егер қатысып, шектік 50 балды жинаса, онда ЖОО түсуге мүмкіндік алады. Алайда грантқа түсу мүмкіндігі тек маусымда өтетін ҰБТ қарастырылған.
  4. Балқаштық бишілер халықаралық чемпионаттан гран при ұтып алды. Жарысқа қала намысын қорғауға барған үш би коллективінің барлығы да бас жүлдеге ие болды.
  5. Балқаштық Номад ММА жауынгерлері халықаралық турнирге қатысып, жүлделі орынға ие болды. Спортшылар Қазақстан құрамасының сапында жекпе-жекке шығып, ел қоржынын бір алтын, бір қола медальмен толықтырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login