Балқаштың орталық көшесінде бір бөлмелі пәтер өртенді

Балқаштың орталық көшесінде бір бөлмелі пәтер өртенді. Қызыл жалын кезінде үйде ер адам мен әйел болған. Екеуі де күйіп қалды. Жалынның қатты болғаны соншалық, түтін түгел подъезге жайылып, көршілер далаға шығарылды. 

Өрт Уалиханов көшесіндегі 4 үйде болды. Кешкі сағат 6-ның кезінде екінші қабаттағы бір бөлмелі пәтер жана бастаған. Құтқарушыларды түтіннің исін сезген көршілер шақырыпты.

Жалын кезінде үйде 64 жастағы ер адам мен 53 жастағы әйел болған. Екеуі де түтінге уланып, күйіп қалды. Зардап шегушілер дереу орталық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер олардың қазіргі жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің меңгерушісі:«Ер адам қазір реанимацияда. Оның денесінің көп бөлігі күйген, әрі уланып қалған. Қазір жасанды түрде демалдыратын аппаратқа қосулы. Ал әйелдің беті, тамағы күйген. Жағдайы бірқалыпты, бүгін травматология бөліміне ауыстырамыз.

Жалынның қатты болғаны соншалық, көк түтін түгел подъезге жайылып, көршілердің барлығы далаға  шығарылған.

Алдын ала болжам бойынша темекі тұқылының сөнбей қалуы өрттің шығуына себеп болған. Содан жалын тұтанып, үйдегі жиһаз бен киім-кешекке шарпыған. Тілсіз жау кезінде пластиктен салынған жылу құбыры жарылып, үйді және бірінші қабаттағы пәтерді су басып қалған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login