Балқаш жаңалықтары 27.03.2019

1.Дизель отынын ұрлаған тепловоз машинисті мен оның көмекшісі сотталды. Екеуі бірлесе жалпы құны  82 мың теңге тұратын 430 литр дизель отынын ұрлаған. Оны 50 және 30 литрлік 13 канистрге бөліп құйып, жасырып қойған. Кейін жұмыс күні аяқталғанда көлікпен келіп, тиеп алып кеткен. Алайда олардың бұл қулықтары әшкерек болды. Тепловоз машинисті мен көмекшісі сотта кінәләрін мойындаған. Осыны ескерген судья әрқайсысына екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

2.Балқаштық тұрғындар көл жағалауындағы тротуардың тегіс еместігін айтып шағымдануда. Ондағы брусчаткалар күн жылынған кезде жібіген жермен бірге төмен түсіп кетен. Айта кетейік былтыр күзде көл жағалауына  кәріз құбыры салынған болатын. Жауапты мердігер компания  канализация жүйесін жаңалау үшін үшін бұрын төселген брусчаткаларды алуға мәжбүр болды.

3. Сәуір айынан бастап қазақстандықтарға қызылшаға қарсы вакцина салынады. Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі таңда осы дертке қатысты апта сайын 400-ге жуық оқиға тіркеледі. Бұл инфекция ең алдымен 1 жасқа толмаған балаларға жұғады, сондықтан екпе салу мерзімін биыл 9 айға дейін қысқарту туралы шешім қабылданған.

4. Жаңа жылдан бастап наркологиялық және психоневрологиялық диспансер  анықтамалары тегін берілуде. Аталмыш мекемелерде есепте тұрғанын, не тұрмағанын растайтын құжатты электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.

5. Биыл балқаштық жұмыссыздар техникалық мамандықтарды меңгереді. Жұмыспен қамту бөлімі қайта оқыту курсына құжат қабылдауды бастады. Осы жылы жұмыссыз жүрген ерлер қауымы электргазбен дәнекерлеуші, электромонтер, автомобильдерді жөндеу слесары мамандығын меңгере алады. Ал, әйелдер былтыр шаштаразшы, аспазшы кәсібін  оқыса, биыл тек сылақшы болуға мүмкіндіктері бар.

6. 27 наурыз дүниежүзілік  театр күні. Ал біздің балқаштықтар бұрын соңды спектакльде ойнаған ба? Қандай рөлді сомдағысы келеді? Осы сұрақпен ел арасына шығып, жауабын біздің тілшілер біліп қайтты

________________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login