Балқаш жаңалықтары 26.03.2019

1.Алаяқтыққа барған екі балқаштықтың бас бостандығына 4 жыл 8 айға шектеу қойылды. Қала тұрғындары ешқайда бармай-ақ мемлекеттік мекемелерге энергетикалық аудит жүргізіп, сол үшін ақша алып отырған.

2. Балқашта туберкулезге қарсы күрес күніне орай медициналық акция өтті. Қала тұрғындары орталықтағы сауда үйіне барып, қан қысымын, қандағы қант және холестерин деңгейін тексертті. Акция таңғы сағат 10-нан бастап 12-ге дейін созылды. Нәтижесінде 17 адамда қан қысымы жоғары немесе керсінше төмен болған. Тағы 20 тұрғын қан құрамындағы қант мөлшерінің шамадан тыс  екенін білді.

4. Осы сенбіде Балқашта тік және тоқ ішек аурулары бойынша ашық есік күні өтеді. Шағымы бар тұрғындарды онколог дәрігер қабылдайды. Онколог дәрігер денсаулығына шағымы бар тұрғындарды таңғы сағат 9 дан бастап түскі 12 ге дейін кезек бойынша қабылдайды.

5.Балқашта мұғалімдер волейбол, шахмат, үстел теннисі мен тоғызқұмалақ ойындарынан бақ сынауда. Қаламызда аймақтық спартакиада бастау алды. Балқаш қаласы, Ақтоғай және Шет ауданының ұстаздарынан құралған үш команда екі күн бойы бақ сынасады.

6.Балқаштық футболшылар облыстық турнирде 3 орынға ие болды. Қаламызда Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Абай, Приозерск қаласы мен Ағадыр кентінің теңбіл доп шеберлерінің басын қосқан «Бәйшешек» облыстық турнирі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, 1:0 есебімен қарағандылықтар жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, өздерін жақсы жақтан көрсете білген балқаштық үш ойыншы облыстық құрамаға енді.

___________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login