Балқаш жаңалықтары 19.03.2019

  1. Қараменде би көшесінде көлік өртке оранды. Такси сауда үйінің маңынан өте бергенде жана бастаған. Жүргізушінің сөзінше «Фольксваген» бірден тоқтаған көрінеді. Не болғанын көруге шыққан көлік иесі алдыңғы бөліктен түтін шығып жатқанын байқайды. Өрт сөндірушілер келгенше куәгерлер жалынды өздері сөндірмек болған. Алайда тек мамандар келгеннен кейін ғана тілсіз жау толықтай сөндірілді. Автомобильдің қозғалтқышы толығымен жанып кетті. Ешкім зардап шекпеді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына қысқа тоқтың тұйықталуы себеп болған.

2. Енді жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздық парағының шынайылығын тексере алады. Құжатта QR-код пайда болды. Ал анықтаманың заңды немесе заңсыз берілгенін білу үшін «даму мед» мобильді қосымшасын қолдану қажет. Ондағы құжатты тексеру деген бөлімді таңдап, телефон камерасын QR-кодқа жақындатсаңыз болғаны. Экранда уақытша жарамсыздық парағына қатысты барлық ақпарат пайда болады. Балқашта сәуір айынан бастап 083у, 086у, 094, 095 секілді оқуға түскенде және жұмысқа тұрғанда сұралатын парақшалар QR-кодпен беріле бастайды.

3. Балқаштық жеке меншік және қоғамдық бірлестіктер 1 сәуірге дейін жергілікті билікке есеп беруі тиіс. Өйтпеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Қаламыздағы барлық үкіметтік емес ұйымдар 2018 жылы қандай жұмыс атқарғандарын, қандай шаралар ұйымдастырғанын қағаз бетіне түсіріп ішкі саясат бөліміне өткізулері қажет.

4. Қалада көп мөлшерде хлор төгілді. Медициналық колледжде осындай сценариймен оқу-жаттығу өтті. Ал мұндай төтенше оқиға кезінде болашақ дәрігерлер не істеу керек? Тұрғындар денсаулығына зиян келмес үшін қандай шаралар қолдануы тиіс? Ол жайында толығырақ бейнематериалда

5. Балқашта аймақтың ең үздік фармацевті анықталды. Медициналық колледжде Қарағанды, Теміртау және Балқаш қаласының студенттері арасында байқау өтті. Онда болашақ мамандар ситуациялық тапсырма бойынша рецепт жазып, қолдан түрлі дертке ем болатын жақпамай, тұнба, ұнтақ және көзге арналған тамшы дайындады.

6. Балқаш маңызды білім беру колледжінде сатушысы жоқ дүкен жұмыс істейді. Онда студенттер тауардың ақшасын кассаға қалдырып кете береді. Өздері қалаған заттарын сатуға қойып, түкен ақшаны бірге санайды

7. Балқаштық балалар қазақтың салт дәстүрі мен ата-бабамыз қолданған тұрмыстық заттарды қаншалықты біледі. Қалалық мұражайда ұлыстың ұлы күніне орай «берекелі наурыз, мерекелі» наурыз» атты байқау өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login