##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 13.03.2019

1.Балқаш қаласының бюджеті  730 млн теңгемен толықты. Бұл қаржы өткен жылы артылып қалған. Әкімдікте қалалық маслихаттың 27 кезекті отырысы өтті. Онда қала бюджетіне өзгерістер енгізілді. Депутаттар әсіресе коммуналдық сұрақтарға жауап беретін қала әкіміне сұрақты қарша боратты. Толығырақ келесі материалда.

2. Өткен жылы балқаш тұрғындары дәрігерлердің үстінен 700-ге жуық  шағым түсірген. Олардың көпшілігі қызмет көрсетудің сапасы төмен екенін айтып, кезектің ұзақтығын алға тартқан. Мамандар әр келіп түскен қоңырауды тіркеп, мәселені шешу бойынша тиісті шаралар қолданған. Егер сіздің де айтар шығымыңыз болса, онда №1 емхана бойынша 7-31-12 нөміріне хабарласа аласыз. Ал №2 емхананың сенім телефоны 7-32-56. Орталық аурухана дәрігерлерінің қызметіне көңіліңіз толмаса  4-56-37 нөміріне қоңырау шалуға болады

3.Қарағанды облысында халық саны азайған. Қалалықтардың қатары 1700 адамға ал ауылдықтардың саны 300 адамға кеміпті. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2018 жылдың басында орталық өңірде 1 380 500 адам тұрған. Ал 2019 жылы бұл сан 1 378 500 адамды құрады. Яғни жалпы халық саны 2000 азайған. Оның 1700 қала тұрғындары. Қалған 300 ауылдықтар. Ал Балқашта керсінше халық саны 445 адамға көбейген. Облыста әйелдер саны еркектерге қарағанда 70 мыңға көп.  Ал балқашта  нәзік жандар 4000  артық.

4.Осы аптада әлем халқы ұйқы күнін атап өтеді. Бұл күн алғаш рет 2008 жылы 14 наурызда күнтізбеге енген. Кейін ресми түрде наурыз айының екінші аптасының жұмасына бекітілді. Адам өмірінің 3-тен бір бөлігін ұйқтаумен өткізеді екен. Егер ұйқыңыз шала болса денсаулығыңызға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін

___________________________________________________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login