Балқаштық оқушылар Мәскеуде өткен конференциядан жүлделі оралды

№2 Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдері Мәскеу қаласынан жеңіспен оралды. Ресей елінде өткен «Қазақстан-Ресей: шекарасыз ғылым» атты V ғылыми-практикалық конференцияда Мейіржан Алғамжанов қазақ әдебиеті пәнінен 1 орынды жеңіп алды. Асия Сейдіғалы «Қазақтың салт дәстүрі – ерулік» тақырыбында жобасын қорғап екінші орынды иеленсе, Жасмина Абдуразахова «Лицей жанындағы жылыжай мен ғажайып бақ» тақырыбында және Аружан Жумабекова «Жарамсыз бөтелкеден жасалған құмыра» атты жобаларын қорғап, үшінші орынды қанағат тұтты.
Мұғалімдер арасында Садыканова Бикеш Жекенқызы «Сабақта озық технологияларды қолданудың нәтижелері» тақырыбында баяндамасын ортаға салып, 1 орынды иеленді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login