Балқашта жаңа емхана пайда болады

Балқашта жаңа емхана пайда болады. Медициналық мекеме мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша ашылады. Денсаулық сақтау саласындағы осы және өзге де өзгерістер жайында брифингте айтылды. Аурухана, емхана басшылары өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өлім көрсеткіші  8.3%, бала өлімі 22.3%  азайған. Қан айналымы жүйесінің бұзылуынан туындайтын аурудан көз жұму 11.9%, онкологиялық дерттен қайтыс болу 7,2% төмендеген. Алайда қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 22,9% артып отыр.

2018жылы республикалық бюджеттен есепке алынған науқастарға тегін берілетін дәріге көбірек қаржы бөлінген. 2017 жылы 345 млн жуық ақша берілсе, 2018 жылы 493 млн аса сома  жұмсалған. Қазіргі таңда Балқашта аурудың 44 түрі бойынша 11 мыңға жуық тұрғын тегін дәрімен қатмылып отыр.

Брифингте одан бөлек алдағы жоспарлар да айтылды. Балқашта тағы бір емхана пайда болады. Жаңа медициналық мекеме Сәбитова мөлтек ауданында орналасады. Мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік бойынша ашылып, күніне 500 адам қабылдайды.

Ал «Денсаулық» бағдарламасы бойынша 62 млн теңгеге 16 медициналық аппарат сатылып алынбақ. Биыл қалалық аурухана маңайын аббаттандыруға 200 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға ғимараттың шатыры, сырты жөнделіп, ауласына фонтан орнатылады. Автотұрақ салынып, спорттық алаң пайда болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login