Балқаш жаңалықтары 26.02.2019

  1. Қарағанды облысында барымташылар тобы ұсталды. 3 топ осы уақытқа дейін тек орталық өңірдің ғана емес Павлодар облысының  да малын ұрлап, ондаған млн табыс тапқан. Оларды тәртіп сақшылары арнайы шара кезінде құрықтады. Қазір 10 күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу кезінде бірінші топтың далада жайылып жүрген 14 бас ірі қараны ұрлап, мал иесіне 14 млн теңге шығын келтіргені белгілі болды. Ал екінші топ ауыл-ауылды аралап, қорада тұрған малды қолды қылған. Үшінші топ болса өрістегі үйір-үйір жылқыны айдап кетіпті.
  2. Балқаштық құтқарушылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын екендіктерін көрсетті. Сценарий бойынша бір адам мұздың астына түсіп кетті. Оны аман алып қалу мүмкін болды ма, төтенше жағдай қызметінің жұмысы қаншалықты қарқынды оны бейнематериалдан көре аласыздар
  3. Балқаштық волейболшылар жарыстан бас жүлдемен оралды. ДСК споршылары Приозерск қаласының ашық біріншілігіне қатысып, 9 команданың арасынан бірінші орын алды. Жарысқа Приозерсктен 1 құрама,  Саршығаннан 3, Балқаштан 5 команда  қатысқан.  Сайыс айналмалы жүйе бойынша өтті. ДСК тәлімгерлері барлық қарсыластарын жеңіп, финалға жеткен. Ал ақтық сында Приозерск қаласының Достық командасын және қаламыздағы №1 мектеп спортшыларын 2:0 есебімен  ұтып, бірінші орынды иеленді. Оған қоса жеңімпаз команда құрамындағы Гүлім Манаева үздік ойыншы номинациясының иегері атанды.
  4. Балқаштық хоккейшілер түнгі хоккей лигасында плей-офф кезеңіне шықты. «Бертыс» командасы соңғы екі ойынды жеңіспен аяқтап, ұпай санын көбейтті. Қарағандыда өткен түнгі лигада балқаштықтар екі ойын көрсетті. Алғашқы қарсыластары қарағандылық «Шторм» командасы болды. Жерлестеріміз 19-минутта қақпаға шайба салып, есеп ашты. Олар ойын соңына дейін қатарынан 5 рет гол соғып, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі күні балқаштықтар Шахтинск қаласынан келген «Тентекпен» кездесті. Бұл мачта да балқаштықтардың жолы болды. Ойын  4:1 есебімен «Бертыстың» еншісіне шешілді.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login