Балқашта футболдан өрт кезінде қаза болған әскериді еске алу тунирі өтті

Балқашта футболдан өрт кезінде қаза болған әскериді еске алу тунирі өтті. Ұшқыш Еркін Үдербаев 2017 жылы ақпан айында отбасымен бірге көк түтінге уланып, қызыл жалынның құрбаны болған еді. 53\898 әскери бөлімдегі әріптестері бұл датаны ескерусіз қалдырмады. Мемлекеттік қызметкерлерді жинап, футболдан жарыс ұйымдастырды.

33 жасында өмірі үзілген Еркін Үдербаев Ақтөбе облысының тумасы. Балқашқа 53/898 әскери бөліміне 2013 жылы ауысып келген. Ұшқыш-нұсқаушы әрі командир орынбасары болып қызмет еткен. Турнирдің ашылу салтанатында әріптестері оны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Оның және отбасының өмірін жалмаған өрт 2017 жылдың ақпан айында болған еді. Түнде Шашубай м\а 21 үйдің бірінші қабатындағы пәтер өртеніп, түгел подъезді көк түтін алып кетеді. 5 қабатта тұратын Еркін Үдербаев 3 жастағы баласын, жүкті әйелін алып далаға шықпақ болады. Алайда, тек 4 қабатқа түсіп үлгереді. Үшеуі бірдей естерінен танып, түтінге уланып қалған.

Антон Дайнеко-53\898 әскери бөлімі командирінің орынбасары
«Мен оны жауапкершілігі мол адам ретінде танимын. Әрдайым көмек беруге дайын тұратын. Өз ісін, өз мамандығын жақсы көретін. Нағыз патриот еді».

Теңбіл доп жарысына 10 команда жиналды. Полицейлер, өрт сөндірушілер, жол сақшылары, әкімдік қызметкерлері және әскерилер. Бәрі де қызметтік формаларын тастап, спортқа жақын екендіктерін дәлелдеуге келген. Өзара айналмалы жүйе бойынша ойын өткізді.

Дәурен Әзілханов-53\898 әскери бөлімі командасының қақпашысы
«Біздің команда да тұрақты 13 адам бар. Арнайы турнир ұйымдастырып, таңдап алғанбыз. Бәрі жақсы ойнайтын мықты ойыншылар. Басты қарсыластарымыз ГОВД және пожарный часть».

Турнирі 1 күнге созылды. Жарыс жеңімпаздары анықталып, қаржылай сыйға ие болды. Атап айтсақ бірінші орынды тәртіп сақшылары ұтып алды. Ал күміс пен қола жүлде 59 және 45 өрт сөндіру бөлімдеріне бұйырды. Жүлдегерлер 40, 30 және 20 мың теңгемен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login