Балқаш жаңалықтары 25.02.2019

  1. Демалыс күндері Балқашта екі адам жоғалды. Адам жоғалғаны туралы алғашқы хабарлама 22 ақпан күні түскен. Ер адам «Нива» көлігімен таңертең жолға шыққан. Ол сол күні 4 сағаттан кейін табылды. Ер адамның көлігі қарға тұрып қалған екен. Ертесінде құтқарушыларға тағы бір хабарлама келіп түседі. Таңғы 11-лер шамасында «Весна» станциясында карьерде жұмыс істейтін 54 жастағы ер адам жұмыстан шыққан соң жоғалған. Ер адамның жансыз денесін карьерден 3 км жерден тапты. Ол үсіп қалған.
  2. Төбелес кезінде адам өлтіріп алған Балқаш тұрғыны 1 жылға сотталды. Былтыр маусым айында Шашубай кентінде екі ер адам сөзге келіспей қалып, біреуі екіншісіне пышақ ала жүгірген. Содан 50 жастағы ер адам қорғанбақшы болып, ұрып жібереді. Кейін жерге түсіп қалған суық қаруды алып өзіне қарсы шыққан азаматтың беліне сұғып алады. Зардап шегуші орталық ауруханаға жеткізіліп, төртінші күні көз жұмған. Айыпталушыға бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен бірге 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарылды. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
  3. Балқаштан Қоңырат мөлтек ауданына қатынайтын тас жол жөнделеді. Көпбалалы отбасылар қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Сондай-ақ, 50 пайыз жеңілдікпен бүлдіршіндерін балабақшаға бере алады. Облыс әкімі Ерлан Қошанов халық алдында берген есебінде осылай деді. Орталық өңірдің былтырғы ахуалы мен 2019 жылғы жоспарлар туралы бейнематериалда.
  4. Балқашта футболдан  өрт кезінде қаза болған әскериді еске алу турнирі өтті. Ұшқыш Еркін Үдербаев 2017 жылы ақпан айында отбасымен бірге көк түтінге уланып, қызыл жалынның құрбаны болғаны еді. 53\898 әскери бөлімдегі әріптестері бұл датаны ескерусіз қалдырмады. Мемлекеттік қызметкерлерді жинап, футболдан жарыс ұйымдастырды.
  5. Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні деп есептелінген.Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн сенбі мен жексенбіде демалады. Ал  келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалмақ. 23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурызкүні де демалыс болыпе септеледі. Осылайша, Әз наурызды қазақстандықтар 21-нен 25-не дейін тойлайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login