Балқаш маңында бір адам үсіп қалды

Демалыс күні Балқашта екі адам жоғалды. Бірі аман-есен табылды. Ал екіншісі үсіп қалған. Адам жоғалғаны туралы алғашқы хабарлама 22 ақпан күні кешкі сағат 8- де түскен. Ақтоғай ауданы, Сарықұм станциясының тұрғындары 40 жастағы туыстарының мал іздеуге кетіп, қайтып оралмағанын жеткізіпті. Ер адам «Нива» көлігімен таңертең жолға шықан. Содан күні бойы одан хабар болмағандықтан жақындары құтқарушылардан көмек сұраған. Ер адам сол күні 4 сағаттан кейін табылды. Оның көлігі қарға тұрып қалған екен. Өзі дін аман, үйіне жеткізілді.

Дархан Қуанбаев – құтқару бөлімшесінің жетекшісі
«Сарықұмның маңында 3-4 км жерде автокөлік табылды. 79 жылғы ер адам. Қарға тұрып қалған. Дін-аман. Ешқандай медициналық көмек көрсетілген жоқ». 

Ертесінде құтқарушыларға тағы бір хабарлама келіп түседі. Таңғы 11 лер шамасында «Весна» станциясында карьерде жұмыс істейтін 54 жастағы ер адам жұмыстан шыққан соң, үшті-күйлі жоғалған. Оның хабарсыз кеткенін білген әріптестері құтқарушыларды шақыртқан. Іздеу жұмыстарына Балқаш жіне Приозерска қаласының мамандары жұмылдырылған. Ер адамның жансыз денесі карьерден 3км жерден табылды. Ол үсіп қалған.

Дархан Қуанбаев – құтқару бөлімшесінің жетекшісі
«Автокөліктердің тұрып қалған жағдайлары болып жатыр. Өздеріңізбен байланыс құралдары, навигатор алып жүрулеріңізді және туған-туыстарыңызға айтып кетулеріңізді сұраймыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login