Балқаш жаңалықтары 19.02.2019

  1. Балқашта 2 бала түтінге уланып қала жаздады. Кеше Балқаш станциясында 3 қабатты үйде пәтер өртенді. Қызыл жалын тұтанғанда 4 және 5 жастағы екі бүлдіршін баспанада жалғыз болған. Олар көршілердің арқасында аман қалды.  Бірі құтқарушылардың келуін күтпей-ақ, түк көрінбес көк түтінің арасынан балаларды іздеп-тауып, алып шыққан.
  2. Балқашта мыс балқыту зауытының төбесі ішке құлады. Абырой болғанда жұмыс орнында ешкім болмаған. Зардап шегушілер жоқ. Түскі 15:30 да 440 шаршы метр жерге металл бөлшектері, бетоннан құйылған плиталар, төбені жауып тұрған шатыр құлаған. Қазір апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
  3. Мир мен Қараменде би көшелерінің қиылысында болған екі көлік соқтығысынан зардап шеккен әйел орталық аурханаға түсті. 44 жастағы тұрғын қазір травматология бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Еске сала кетейік, демалыс күні кешкі 9 дар шамасында Мир және Қараменде би көшесінің қиылысында Рено мен Мерседес соғысты. Кейбір мәлімет бойынша кроссовер Мир көшесінің бойымен  №4 мектеп жаққа қарай бағыт алған. Сол уақытта тура сол жолмен бірақ қарсы бағытта келе жатқан неміс көлігі оң жаққа бұрылып Қараменде би көшесіне өтпек болады. Содан екі көлік бір біріне соқтығысқан.
  4. Балқаш ең лас қалалардың тізіміне енді.  Ауасы ластанған елді мекендердің ішіне  Қарағанды облысынан 4 қала кірген. 2018 жылы Балқашта ауа сапасының жоғары ластануы 8 рет тіркеліпті. Қарағандыда 115 жағдай болса, Жезқазғанда 7, Теміртауда жоғары ластану екі рет байқалған. Ал қаламыздың 4 көшесінде ауа сапасы жиі ластанатын болып шықты. Сабитова мөлтек ауданында тәулігіне үш рет және қалалық аурухананың маңайы мен Ленин және Әлімжанованың бұрышында жоғары ластану байқалған. Былтыр Балқашта ауаның ластануы қатты байқалған. 2018 жылдың 28 ақпаны, 8,16,19 сәуірі және 16 тамыз күндері күкіртті сутегінің ауада көп болуы 8 рет тіркелген.
  5. Көпбалалы аналарға 100 мың теңге берілмейді. Әлеуметтік желілерде есіп жүрген хабарлама өтірік болып шықты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ақпаратты жоққа шығарды. Қазір ватсап желісінде халықаралық әйелдер күніне 100 теңге беріледі деген хабарлама жаппай тарап кеткен. Сыйақыны алу үшін хатта 20 ақпанға дейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне есеп шоттарын өткізу керек деп жазған. Сондай-ақ, қомақты қаражат «Алтын», «Күміс алқа» және «Ана даңқы» ордені бар көп балалы аналарға беріледі деген.
  6. Енді балқаштық жұмыспен қамту орталығының мамандары тұрғындарға көлікпен жүріп ақпарат береді. Қаламызда жылжымалы мобильді пункт пайда болды. Бүгін мамандар алғаш рет көшеге шығып, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруді. Арнайы автомобиль адамдар көп жүретін Ағыбай батыр көшесінің бойындағы сауда үйінің алдына тоқтады. Тұғындарға 2019 жылдан бастап енген бірыңғай жиынтық төлем, әлеуметтік көмек және қоғамдық жұмыс пен жастар практикасы туралы мәлімет берілді. Буклеттер таратылды. Сондай-ақ, 300-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды.
  7. Қоян мен түлкі аулау мерзімі аяқталды. Аңшылық маусымы қараша айында басталып, ақпан айының ортасына дейін созылды. Осы уақыт аралығында балқаштық аңшылар 2 мыңнан аса қоян мен 34 түлкі аулаған. Алайда олардың арасында ереже бұзғандар да бар. Екі аңшы жолдамасына қанша аң атқанын көрсетпеген. Келесі аңшылық маусымы әдеттегідей 1 қарашада басталады. Ал әзірге ұзын құйрық пен қорқақ жануарды аулауға тыйым салынады. Себебі қазір олардың көбейетін кезеңі.
  8. Балқаштық боксшы қыздар Қазақстан біріншілігінен жеңіспен оралды. Бокстан қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігі Арыс қаласында өтті. Онда еліміздің түрлі өңірінен 300-ге жуық қатысушы бақтарын сынаған. Алтын медаль иегері Камила Бажбенова атанды. Ал, Балнұр Оқубаева қола жүлдеге ие болды. Спорт шеберінен үміткер екі балқаштық Қазақстан құрамасына енді.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login