Балқаш жаңалықтары 18.02.2019

  1. Мир мен Қараменде би көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізушілер жолды бөлісе алмаған. Жол көлік оқиғасы кешкі 9-дар шамасында болды. Мир мен Қараменде би қиылысында «рено»  мен  «мерседес» бір біріне соқтығысып қалды. Кейбір мәлімет бойынша кроссовер Мир көшесінің бойымен  №4 мектеп жаққа қарай бағыт алған. Сол уақытта тура сол жолмен бірақ қарсы бағытта келе жатқан Мерседес оң жаққа бұрылып Қараменде би көшесіне өтпек болады. Нәтижесінде 44 жастағы әйел басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір істің мән-жайы тексерілуде.
  2. Балқаштық полицейлер үш күннің ішінде 100-ге жуық жол ережесін бұзғандарды қолға түсірді. Қаламызда 14-і мен 16 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» акциясы өтті. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жіті назарға алды. Осылайша үш күннің ішінде 95 ереже бұзушылық анықталыпты. 15 жүргізуші рөлде келе жатып телефонмен сөйлессе, 14-і белдік тақпаған. Тағы 4 балқаштық бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, жаяу жүргіншіні өткізбеген. Ал бір жүргізуші құжатсыз рөлге отырғаны үшін автомобильі  айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен бірге 10 жаяу жүргінші жолды тиісті емес жерден қиып өткен. Жол ережесін сақтамаған тұрғындарға 12 мыңнан 25 мың теңгеге дейін айыппұл салынды.
  3. Балқашта тұңғыш рет тек ерлерге арналған сұлулық салоны ашылды. Заманауи атауы-барбершоп. Онда мамандар тек шашты қысқартып қана қоймай, сақал-мұртты басу, сәнді етіп түзету секілді қызметтің түр-түрін көрсетеді.
  4. Спецназдар террористерге қарсы шабуылдады. Балқаштықтар Counter-Strike ойнап жарысты. Демалыс күндері қаламызда тұңғыш рет кибер спортынан қайырымдылық турнирі өткен болатын.
  5. Балқашта шайбалы хоккейден қала әкімінің кубогы өтті. Тұңғыш рет өтіп отырған жарысқа Балқаш, Приозерск, Қарағанды және Шахтинсктан келген 4 команда қатысты. Құрама командалар айналмалы жүйе бойынша ойнады.
  6. Балқашта өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. Еліміздің түрлі өңірінен келген 100-ден аса спортшыны жинаған жарыс 4 күнге созылды. Қай қала Балқаштан олжалы қайтты? Ол жайында бейнематериалда

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login