Балқаш жаңалықтары 13.02.2019

  1. 64-ші орамда жер үй өртке оранды. Қызыл жалын шыққанда баспанада ешкім болмаған. Қызыл жалын түнгі сағат 1-лер шамасында басталған.Сол маңайдан өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі өрт сөндірушілерге хабар беріпті. Құтқарушылар лапылдаған жалынды  ауыздықтау үшін 4 сағат уақыт жұмсаған. Өрттің салдарынан екі бөлмелі үйдің кіре беріс дәлізі мен шатыры толықтай жанып кетті. Қожайындар өрт болардың алдында бірер сағат бұрын шығып кеткен. Олардың айтуынша, тілсіз жауды біреулер қасақана жасаған. Өйткені үйден бағалы заттары жоғалыпты. Ал мамандар өрттің шығуына қысқа тоқтың тұйықталуы себеп болуы мүмкін деп отыр.
  2. Есірткі сатты деп айыпталған балқаштық ақталып шықты. Оқиға былтыр тамыз айында болыпты. Айыпталушы 5 граммдық есірткіні жолдан тауып алғанын айтқан. Содан ол оны сатып оңай жолмен ақша таппақшы болады. Сол оймен тұтынушымен де келіскен. Алайда, тауарды алмақ болған адам оны полицейге ұстап береді. Бірақ полицейлердің оған қарсы жинаған айғағы жеткіліксіз болған.  Осылайша есірткі сатты деген ер адам жарты жылдан кейін ақталып, сот залынан үйіне жіберілді. Енді ол заңсыз қамауда отырғаны үшін өтемақы өндіріп ала алады.
  3. Балқашта көпбалалы ана көмекке мұқтаж. Айда Тоқаева 7 баласымен және жарымен Жамбыл облысынан көшіп келген. Қазір отбасыны 16 жастағы үлкен ұлы асырап отыр.  Себебі әкелері ауырып, жұмысқа жарамай қалған.  Ал баланың бар тапқаны жалдамалы пәтер ақысын төлеуге кетеді. Сол себепті жанұяда тамақ, киім тапшы.
  4. Енді көмекке мұқтаж жандарды немесе керсінше қайырымдылық жасағысы келетін атымтай жомарттарды бір сайттан табуға болады. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы  «Менің атамекенім» деп аталатын жаңа жобаны іске қосылды. Онда қиын жағдайға тап болған тұрғындар көмек сұрап өтініш қалдыра алады. Ал қол ұшын созамын деушілерде  бірден байланысқа шығуға мүмкіндік бар.
  5. Қазақстандық балалардың киімінде чип пайда болады. Ал ол құрылығының көмегімен ата-аналар бүлдіршіндерінің қайда жерде жүргенін біліп отырады. Биыл Қазақстанда цифрландандыру саласына 30 млрд теңге бөлінбек. Осы қаржының бір бөлігіне чип сатып алу жоспарланған. Яғни Үкімет барлық шығынды өз мойнына алады. Ал балқаштық ата-аналар балаларын чип арқылы бақылап отыруға қалай қарайды? Қандай пікірде?
  6. Балқашта балаларға арналған технопарк ашылды. Оқушылар сарайының бір қабаты тек техникалық бағыттағы үйірмелерге арналды. Онда робототехника, авиа және 3Д модельдеу тағы басқа үйірмелер орналасқан. Ең қызығы балалар шаршағандарын басу үшін «экспериентариум» сыныбына барып, құмға сурет салып, үстел теннисін ойнай алады.
  7. Балқашқа еліміздің үздік боксшылары жиналды. Қалада еңбегі сіңген бапкерлер Александр Апачинский мен Владимир Тулуповты еске алуға арналған республикалық турнир бастау алды. Өз күшін сынап көруге 100 ден аса спортшы келді. Жарыс 3 күнге созылады. Толығырақ бейнематериалда

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login