Балқаш тұрғыны бақылау тәртібін бұзғаны үшін қайта сотталды

Балқаш тұрғыны пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін қайта сотталды. Бұған дейін оның бас бостандығына 3 жыл 5 айға дейін шектеу қойылған. Бұл жазаның аяқталуына бар болғаны 3 ай уақыт қалған еді. Алайда тәртіпке бағынбағай оны бірнеше рет бұзғаны  үшін енді ол қалған уақытын темір тордың әр жағында өтейтін болады.

28 жастағы азамат бұған дейін заң бұзып, сот алдында жауап берген. 2016 жылы төбелесіп,  адам денсаулығына зиян келтіргені үшін бас бостандығына 3 жыл 5 айға дейін шектеу қойылған. Алайда, ол қаңтар айында түнгі 10 нан кейін, көңіл көтеретін орындарға барып, ішімдік ішіп, бірнеше рет  тәртіп бұзған.  Тіпті полицеймен сөзге келісіп қалған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толықтай болмаса да, жартылай мойындады. Нәтижесінде сот оны кінәлі деп тауып,  қалған 2 ай 25 күнін темір тордың ар жағында өткізу  туралы шешім шығарды.

Мадияр Әшірбеков-пробация қызметінің аға инспекторы:

«Осы жылы пробациялық бақылау тәртібін бұзған 6 адамның үстінен іс қозғап, сотқа жібердік. Міне бүгін оң шешім шықты. Көбісі түнгі 10 нан кейін, кафе, мейрамханаға барып ішімдік ішеді. Біз 1 рет ескерту жасаймыз. Ал егер қайталанса онда істі сотқа жолдаймыз.

Қазіргі таңда Балқаш қалалық пробация қызметінде жазасын бостандықта өтеп жүрген 195 адам есепте тұр. Өткен жылы тәртіп бұзғаны үшін  10 сотталушы темір торға қамалған. Ал тәртіп сақшылары сотталушыларға ережеге бағынбайтын болса қалған уақытын түзету мекемесінде  өткізетінін еске салады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login