Балқаш жаңалықтары 06.02.2019

  1. 2019 жылы қаламызда 6 көшенің жолы жөнделеді. Оның ішінде үшеуі Қоңырат мөлтек ауданына тиесілі. Бүгін қала әкімі Александр Аглиулин мәдениет сарайында балқаштықтардың алдында есеп берді. Шаһар басшысы 2018 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылға жоспарланған істерді айтып өтті. Тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
  2. Балқашқа Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау келді. Халық қалаулысы «Сары арқа» ЖШС жұмыскерлерімен тілдесіп, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Кездесуде Альберт Рау Президенттің жолдауына, бес әлеуметтік бастамасына тоқталды. Мұндай түсіндіру, насихаттау жұмыстары 10 ақпанға дейін жалғасады. Қазір  Парламент Мәжілісінің депутаттары жаппай өңірлерді аралауда. Кездесуден кейін халық қалаулысы гидрометаллургия әдісі бойынша кен қалдығын қайта өңдеу арқылы катодтты мыс өндіріп отырған өндіріс ошағының жұмысымен танысты.
  3. Биылғы қыс балқаштықтарды қарға қарық қылды. Кешенің өзінде 4 миллиметр қар жауды. Қазір-ақ ұлпаның қалыңдығы 4 сантиметр. Оның үстіне аяз көтеріліп, коммуналшылардың жұмысын біраз қиындатты. Техника мен жұмысшылар жетіспегендіктен жауапты мамандар  жолды аршып үлгерер емес. Толығырақ бейнематериалда
  4. Балқаштан шығарылатын қоқыс полигонға жетпей қала маңына төгіліп жатыр. Редакциямызға тұрғындар осылай деп шағымданды. Ал қаладағы қалдықты сыртқа таситын Балқаш универсал мұның себебін жолды қар бас қалуымен түсіндіруде. Сөйтсек жолды тазалайтын өзге мекеме биыл бұл міндеттен босатылған екен. Сонда қайтпек керек? Жергілікті билік неге үнсіз отыр? Біздің түсірілім топ істің мән-жайын білуге тырысты.
  5. Қазгидромед мамандары биылғы қысты соңғы 7 жылдағы ең суық қыс деп таныды. Түнде еліміздің шығысында, орталығында және солтүстігіне ауа температурасы -45-ке дейін төмендеген. Әдетте жылы болып тұратын оңтүстікте де күн суық, -30 гардус. Сол себепті  мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушылар қуана үйде қалды. Бәрі де балалардың қауіпсіздігі үшін. Деседе, аяздан ересектерде қорғану керек.  Әйтпесе аяқ-қолыңызды үсік шалып, ауруханадан бірақ шығуыңыз мүмкін.
  6. Балқаштық оқушылар ұшақ ұшырудан жарысты. Авиамодельдеу үйірмесіне қатысушылар өздері жасаған әуе көліктерін сынап көрді

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login