Балқашта 7 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2019 жылы Балқашта 7 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала басшысы биылғы абаттандырылуы тиіс аулалардың тізімін бекітті. Тозығы жеткен жерлердің бірі — Желтоқсан көшесі 11 үйдің ауласы. Күз, көктем мезгілінде бұл жерге қар, жаңбыр суы іркіліп, ылғи лай болып жатады. Оның үстіне бұл үйдің маңайында балалар алаңы да, тротуар да жоқ көрінеді. Тұрғындар осы сұрақтармен билікке бірнеше мәрте жүгінген. Биыл шағымдары ескеріліп, абаттандырылу бағдарламасына енді.

Нұрболат Бөлеген – ТКШ бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы
«Желтоқсан көшесі мен Молдағұлова көшесін абаттандыру барысында жолды асфальттау жұмыстарын жасайтын боламыз. Сол кезде Желтоқсан көшесінің левневкасына келіп түсетін болады»

2019 жылы барлығы 7 аула абаттандырылады. Олар Ленин 38,40, Желтоқсан көшесі 11,12 және 15 үй. Шашубай 16, 12 мөлтек ауданындағы1,5 үй мен Сейфулин 34, 36, 36а да осы тізімде бар. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 159 миллион теңге бөлінген. Егер мемлекеттен тағы да қосымша қаржы берілетін болса, абаттандырылатын аулалар саны көбеймек.

Нұрболат Бөлеген – ТКШ бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы
«Биылғы жасайтын 7 аула 2018 жылы жасалу керек болған аулалар. Яғни, қаржының аздығынан бағдарламаға сәйкес уақытында жұмыс атқара алмадық. Соған қарамастан қайта қолға алып жатырмыз».

2019 жылғы абаттандырылатын аулалар тізімі

Ленин 38,40
Желтоқсан 11,12
Желтоқсан 15
Шашубай 16
12 мөлтек ауданы 1,5
Сейфуллин 34, 36, 36а
Молдағұлова 1, 2, 3, 4

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login