Қазақстандық ғалымдар өте маңызды жаңалық ашты

Жер қойнауындағы ең берік металды қайта балқытып, бірнеше өнім алуға болады. Бұған дейін пайдаланылған титанның қалдықтары керексіз болып қалатын.

Қазақстандық ғалымдар енді оны қайта өңдеп, сапасы жоғары бояу жасауға, суды тазартуға және тері илеуге қажетті қоспалар өндіруге болатынына көз жеткізіп отыр, деп хабарлады Хабар 24.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалықтың ел экономикасы үшін маңызы өте зор.

«Ерімейтін титанды еріттік. Кәдімгі сулы ерітіндіде титан қант сияқты ери бастайды. Енді титанның барлық қалдығын біз қорыта аламыз. Одан қажетті қоспаларды аламыз», — дейді ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы Әбдуәлі Баешов.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login