Балқашта ет пен балық сатқан 6 сатушыға айыппұл салынды

Өткен жылы Балқашта ет пен балық сатқан 6 сатушыға айыппұл салынған. Тиісті құжатсыз сауда-саттықпен  айналысқандар 180 мың теңге төлеген.  2018 жылы ветеринария бөлімінің мамандары 439 сауда нүктесіне тексеріспен барған.  Соның ішінен 6 заңбұзушылық фактісін анықтады. 3 балық сатушы және 1 ет сатушы тиісті анықтамасыз сауда жасаған. Олардың әрқайсына 24 мың теңгеден айыппұл салынды. Саяқ кентінің кәсіпкеріне де осындай әкімшілік жаза тағайындалды. Тиісті құжатсыз дүкенде ет сатқан тағы бір  сатушыға 60 мың теңге айыппұл төлеу міндеттелген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login