Балқаш жаңалықтары 29.01.2019

  1. Жұбайына пышақ тығып алған балқаштық келіншектің бас бостандығына 3 жарым жылға шектеу қойылды. Ол күйеуі ұялы телефонын тексертпегендіктен оған суық қару ала жүгірген. Ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің былтыр желтоқсан айында болді. Әйелі күйеуінің қалта телефонындағы жазбаларды тексермек болады. Сол кезде жолдасы үстінен түсіп, оған қол көтереді. Ерегескен әйелі ас үйдегі пышақты алып, отағасының кеуде тұсына сұғып алған. Алған ауыр жарақаттан ер адам ауруханға жеткізіледі. Ал, әйел тергеу кезінде өзінің кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде денсаулыққа ауыр зақым келтіргені үшін Балқаш тұрғынының бас бостандығына 3.5 жылға шектеу қойылды.
  2. Балқаш тұрғыны өзінде жоқ пәтерге салық төлемегені үшін қарызға кіріп кеткен. Ер адам атында жеке меншік мүлік бар екенін банкке барғанда бірақ білген. Белгілі болғандай, 2007 жылы Ленин көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерді қала әкімшілігі заңдастыру шешімі бойынша азматтың атына аударған. Бірақ, сотта құжаттың жалған екені анықталды. Сонымен бірге, құжат бойынша төртінші қабатта болу керек пәтер, жертөле болып шықты. Онда «Новая жизнь» деп аталатын діни ұйым құрылып, демалыс күндері түрлі жиындар өткізіліп келген. Ал, анығында діни ұйым да, пәтерге жасалған заңдастыру да заңға қайшы болып шықты. Қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
  3. Балқашта 1 күнде 11 әйелден түрлі гинекологиялық аурулар анықталды. Тіпті бірі жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдыққан болуы мүмкін. Өткен сенбіде ашық есік күнін өткізген гинекологтар оның қорытындысын жария етті. Бір күнде мамандарға денсаулықтарын тексертуге 60 әйел жүгінген. Соның 11 нің түрлі дертке шалдыққаны белгілі болды.
  4. 2018 жылы 58 мыңға жуық қазақстандық су жаңа көлік алған. Оған еліміздің тұрғындары 500 млрд теңгеге жуық ақшасын жұмсапты. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 35,8 пайызға артық. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы осындай стастистика келтірді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең сұранысқа ие авомобильдер арасында Lada көш бастап тұр. Ресейлік көлікті 13400-ден астам адам сатып алған. Екінші орынға 12 278 данасы сатылған Toyota тұрақтаса, 8700 қазақстандық Hyundai маркасын құп көрген.
  5. Тағы бір балқаштық спортшы жеңіспен оралды.  Бұл жолы қоржынымызда күміс жүлде. Кикбоксшы Әділ Мұратов Таразда өткен республикалық турнирде сәтті өнер көрсетіп қайтты. Ол 3 жекпе жек өткізген. Алдыңғы 2 қарсыласын нокаутпен жеңсе, финалда Байқоңырлық спортшыға 2:1 есебімен есе жіберді. Деседе, күмістен алқа тағып, жеңіске деген талпынысы үшін номинациясын иеленіп қайтты.

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login