Балқашта 1 күнде 11 әйелден түрлі гинекологиялық аурулар анықталды

Балқашта 1 күнде 11 әйелден түрлі гинекологиялық аурулар анықталды. Тіпті бірі жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдыққан болуы мүмкін. Өткен сенбіде ашық есік күнін өткізген гинекологтар оның қорытындысын жария етті. Бір күнде мамандарға денсаулықтарын тексертуге 60 әйел жүгінген. Соның 11 нің түрлі дертке шалдыққаны белгілі болды. Атап айтсақ 4 келіншектен эрозия, 3 нәзік жаннан полип, 2 тұрғыннан кальпит, тағы бірінен миома анықталды. Одан бөлек бір әйел жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдыққан болуы мүмкін. Деседе, нақты диагноз қою ерте. Дәрігерлер емделушіге қосымша тексеріс тағайындап, анализ тапсыруға жолдаған.

Ирина Каманина — №2 емхананың гинекологы
«Әйел анализ тапсырғаннан кейін, облыста онкологиялық орталыққа жіберіледі. Кольпоскопия арқылы тыңғылықты тексеріс жүргізіледі. Биопсия алынады. Содан кейін ғана нақты диагноз қойылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login