##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 28.01.2019

  1. Бүгін қала әкімі ардагерлермен кездесті. Белсенді қарттардың қала өміріне қатысты сауалдарына жауап беру үшін, орынбасарларын, бөлім жетекшілерін бір кабинетке  жинап, жиын өткізді. Кездесу былтыр көтерілген мәселерді талқылаудан басталды. Қариялар өткен кездесуде Байсетова көшесінде тура тротуар бойында тұрған қоқыс жәшіктерін ауыстырып, жаңа орынға көшіруді, зиратқа барар жолды жөндеуді сұраған. Жасыл-желекті суару жүйесін қайта қалыпқа келтіруді өтінген. Қала басшысы бұл сұрақтар бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын айтып, қарттарға жауап берді.
  2. Қала әкіміне сұрағыңыз бар ма? Болса қағазға жазып, шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшікке салыңыз. Шаһар бойынша балқаштықтардың шағымын қабылдайтын  9 жәшік қойылды. Барлық сауалдарға қала басшысы Александр Аглиулин 6 ақпан күні өтетін халық алдында есеп беру кездесуінде жауап береді. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер қоғамдық жерлерге орнатылды. №1,2 емханада және қалалық ауруханаға қойылды. Одан бөлек халыққа қызмет көрсету орталығында және Қазақтелеком мекемесінде бар. Хаттар 5 ақпанға дейін қабылданады.
  3. Политехникалық колледжде бос грант орындары пайда болды. Соған орай өзге колледжде техникалық мамандықта ақылы оқып жатқан 20 студентте тегін оқуға мүмкіндік бар. Бос грант орындары металлург, электромеханик, техник-механик мамандықтары бойынша пайда болды. 14 адам екінші курсқа қабылданса, 3 адам үшінші курсқа қосылады. Ал өзге білім ордасынан ауысу үшін студент политехникалық колледждің оқу бөліміне  жүгінуі қажет. Кейін мамандар өткен пәндер мен тапсырылған емтихандар тізімін салыстырып, құжаттарын тексереді. Өтінімдер 4 ақпанға дейін қабылданады.
  4. Балқаштықтар КСК жұмысына шағымдана алады. Қалалық тұрғын үй инспекциясы тұрғындардың арызын қабылдайтын жедел желіні іске қосты. Енді  КСК жұмысына көңіліңіз толмаса  7-79-25 нөміріне қоңырау шалып, өз шағымыңызды жеткізе аласыз.
  5. Аязды күндер келіп жетті. Ауа температурасының төмендеу салдарынан қала мектептерінде 1-2 аусымда сабақ болмады.  Астана, Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей қаласының оқушылары да оқудан босатылды. Бүгін таңертең сынап бағанасы Балқашта -26 градусты көрсетті. Алайда желдің әсерінен аяз -30 градус ретінде сезілді. Сол себепті 1 және 9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Синоптиктердің болжауы бойынша бейсенбі және жұма күндері -3-5 градус суық болады және қар жауады деп күтілуде. Одан кейін аяз қайтып оралады.
  6. ТЖ қызметкерлері келіп жеткен аязды күндерге байланысты тұрғындарға алыс жолға шығудан бас тартуға кеңес береді. Ал егер баратын болып шешсеңіз онда өзіңізбен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдиша, көлікті қалың қардан шығарып алу үшін мықты арқан, күрек болғаны  жөн. Ал егер боранда қалсаңыз онда автомобильдің есік-терезесін мықтап жауып,  қозғалтқышты сыртынан  орап қою қажет. Ең бастысы көлік ішіне газ кірмеуі керек. Ол үшін газ шығаратын түтіктің қармен бітеліп қалмауын қадағалап отырған жөн. Ең дұрысы мұндай төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға 112 нөміріне хабарласуды ұмытпаңыздар.
  7. Балқаштық боксшы Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. 15 жастағы Ерасыл Ермек бокстан Қазақстан чемпионы атанған ДСК алғашқы тәлімгері. Қазақстан чемпионы деген атақты иеленген Ерасыл Ермек енді республикалық құраманың сапында. Ақпан айында ол Алматыға олимпиялық дайындық орталығына барып, қазан айында Дубайда өтетін Азия чемпионатына дайындалады.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login