Балқаш тұрғынына өзіне ескертпей пәтер рәсімдеген

Балқаш тұрғыны өзінде жоқ пәтерге салық төлемегені үшін қарызға кіріп кеткен. Ер адам атында жеке меншік мүлік бар екенін банкке барғанда бір-ақ білген. Белгілі болғандай, 2007 жылы Ленин көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерді қала әкімшілігі заңдастыру шешімі бойынша азматтың атына аударған. Бірақ, сотта құжаттың жалған екені анықталды. Сонымен бірге, құжат бойынша төртінші қабатта болу керек пәтер, жертөле болып шықты. Онда «Новая жизнь» деп аталатын діни ұйым құрылып, демалыс күндері түрлі жиындар өткізіліп келген. Ал, анығында діни ұйым да, пәтерге жасалған заңдастыру да заңға қайшы болып шықты. Қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login