##i-vengo banner

Балқашта ауыл-шаурашылық жәрмеңкесі қайта жанданады

Балқашта аязға байланысты тоқтатылған ауыл-шаурашылық жәрмеңкесі қайта жанданады. Осы сенбіде жеміс-жидек, азық-түлік өнімдерін қайтадан арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік туады. 19 қаңтар күні Балқашта 2019 жылдың алғашқы ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Онда ауылдағы ағайын ет-сүт өнімдерін әкеліп сатады. Осы жолы жылқы еті 1500, қой 1300, ал сиыр еті 1400 теңгеден сатылмақ. Ал көтерме саудамен айналысатын қала саудагерлері көкеніс пен жеміс-жидек өнімін сөреге қояды. Картоп бағасы 75 теңге болса, жуа 70 теңгеден, ал жұмыртқаның 10 данасы 280 теңгеден саудалайды. Жәрмеңке әдеттегідей Язев көшесінде таңғы 8:00 де басталады.

Байзақ Әлмағанбетов-Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлер бөлімінің басшысы: «Өткен жылы біз қалада 32 рет ауыл-шаруашылық жәрмеңкесін өткіздік. Онда 500тонна ет, 1500 тонна жеміс жидек сатылды. Мұнда сатылатын ауыл шаруашылық тауарларының көлемі 10-15 пайызға төмен болып отыр. Барлық қала тұрғындарын 19 күні өтетін жәрмеңкеге шақырамыз.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login