Балқаш жаңалықтары 16.01.2019

  1. Балқаштықтар жолдың қардан тазаланбайтынын айтып шағымдануда. Кеше кешкісін басталған қар түні бойы жауды. Нәтижесінде қалыңдығы 17 см жеткен. Коммуналшыларға күшейтілген жұмыс кестесіне көшуге тура келді. Алайда таңға қарай қаланың көп көшелері қардан тазаланбаған болып шықты.
  2. 5 көшеге жаңадан 200 жарық бағанасы орнатылады. Тендрді ұтып алған мердігер компания іске кірісіп те кетті. Мамандар Бөкейханов және Островский көшесіндегі  тозығы жеткен бұрынғы бағаналарды ауыстыруда. Мырыштан жасалған жаңа діңгектің биікті — 8 метр. Ал  шамдар электр энергиясына үнемдейтін жарық диодты түріне айырбасталады. 3 күннің ішінде Бөкейханов, Островский және Әлімжанов көшелеріне 72 жаңа бағана орнатылған. Одан кейін  мамандар Амангелді және ағайынды Мусиндер  көшесінде ауысады. 5 көшеге барлығы 200 жарық бағанасы орнатылады.
  3. Қалалық қорғаныс бөлімінде  16 жасқа толған бозбаларды есепке алу басталды. Болашақ отан қорғаушылар алдымен денсаулығын тексертулері қажет. Қаңтар айының соңына дейін көз дәрігері, нарколог, хирург және тіс дәрігері мен басқа да сала мамандары азаматтарды қарап, әскерге жарамды немесе жарамсыз екенін анықтамақ.
  4. Балқашта жергілікті суретшілер галереясы ашылды. Балқаштықтардың қолынан шыққан картиналар мәдениет сарайына қойылды. Суреттерде туған жер тақырыбы көрініс тапқан. 20 ға жуық картина мәдениет сарайының үшінші қабатына ілінген. Барлығы да жергілікті суретшілердің туындысы. Бұл жұмыстар конкурс арқылы іріктелді.
  5. Енді Қазақстанда үш күннің ішінде үйленуге болады. Ақпарат және коммуникация министрлігі бірқатар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыратын заң жобасын қарастырып жатыр. Жаңа заң бойынша енді үйленуге бел буғандар АХАЖ бөліміне барып өтініш бергеннен кейін бұрынғыдай   1 ай күтпей 3 күннің ішінде ерлі-зайыпты атанады. Ал, балқаштықтар бұған қалай қарайды? жауапты өмірге қадам басып, отбасы құру үшін қанша уақыт керек?
  6. Балқаштық атлетші қыз облыс чемпионатына барып, қанжығасына екі күміс жүлде байлап қайтты. БЖСМ  тәлімгері Милана Сотникова ұзын қашықтыққа жүгірген. 1500 метрді 5мин 48 секундтта бағындырса,  3000 метрді 11 мин 49 секундтта жүгіріп өткен. Екі сайыста да мәреге екінші болып жеткен. Миланадан өзге жеңіл атлектикадан өткен облыс чемпионатына Балқаштан 4 бала барған. Бәрі де БЖСМ тәлімгерлері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login