Балқаштық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Бурабайда математика пәнінен өткен жарыста жерлестеріміз Қазақстан мен Ресей елінің түрлі қалаларынан келген балалардың арасында оза шапты. Балқаш қаласының намысын қорғауға 17 мектеп лицейінің 10 оқушысы барған. Қатысушалыр 3 турдан тұратын сайыста логикалық тапсырмаларды орындап, математикалық есептерді шешті. Нәтижесінде, Балқашан барған балалардың ішінде 2 сынып оқушысы Николай Захарченко зеректігін көрсетіп, І орынды жеңіп алды. Осылайша балқаштық оқушы көктемде Болгарияда өтетін интеллектуалды жарысқа жолдама алды. Ал 6 сынып оқушысы Иван Гончаров ІІ орынға ие болды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login