Балқаш жаңалықтары 10.01.2019

  1. Балқашта медициналық колледж жатақханасы  күрделі жөндеуден кейін ресми түрде ашылды. Жаңалау жұмыстары өткен жылдың жаз айында басталған болатын. Егер бұрындары 5 қабатты ғимаратта тек бір ғана жуынатын бөлме болса қазір әр қабатында бар. Жиһаз, техника да сатылып алынып, су жаңа кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар студенттерге пайдалануға берілді.
  2. Енді балқаштық жұмыскерлер туралы барлық мәлімет электронды жүйеге ауысады. 2019 жылдан бастап жұмыс берушілер қоластындағы қызметкерлермен электронды келісімшарт жасауы тиіс.Ол үшін жұмыс беруші мекеме «enbek.kz порталына кіріп, электронды еңбек биржасына тіркелу керек. Әрі қарай жеке кабинетке кіріп, еңбек келісім шарты дегенді таңдайды. Содан қызметкердің жеке сәйкестендіру нөміріненен бастап қай жылы жұмысқа тұрғаны, қанша жыл қызмет еткені электронды еңбек кітапшасына  жазылады. Кейін басқа жерге жұмысқа ауысып жатса, өзге мекеме басшылары жұмысшы туралы мәліметті электронды жүйеден қарайды. Жаңашылдық толықтай бір жүйеге келген соң, еңбек кітапшасының да керегі болмайды.
  3. Балқаштықтар қазақ және ағылшын тілін тегін үйрене алады. Тілдер орталығында курсқа жазылуға өтініш қабылдауда. Жыл басталғалы бері 150 балқаштық тіл үйренуге ниет білдіріпті. 7 топ мемлекеттік тілді үйренем деушілер, ал 4-уі ағылшын тобы. Былтыр курсқа 400 –ден астам балқаштық қатысқан. Олардың арасында мектеп, колледж мұғалімдері мен зауыт, басқа да мекеме қызметкерлері бар. Қабылдау 14 қаңтарға дейін жалғасады. Курсқа жазылу үшін Уалиханов 5 көшесінде орналасқан тілдер орталығына бару керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.
  4. «Балқаш Универсал» ЖШС подъездерге пластик терезе орнатуды қолға алды.  Одан бөлек подъездерді жөндеуде. Былтыр 10 үйдің кіре берісін сылап, сырлап жөнге келтірген. Тұрғындардан өтініш келіп түссе болғаны домофон және бейнебақылау камерасына дейін орнатып береді. Ал пәтер иелері кеткен шығынның тек 50 пайызын ғана төлейді.
  5. Балқашта жаз мезгілі көлге шомылып ылғи да қызықты өтеді. Ал, қыста балқаштықтар қайда бара алады? Биыл қала тұрғындары үшін 8 мектеп кортында мұз айдыны пайда болды. Оған кез-келгеніңіз барып  коньки тебе аласыздар.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login