Балқаштық колледждерде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Балқаштық колледждерде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда білім алушыларға мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі.Жаңадан ашылған кабинет бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Таңғы 9 дан бастап кешкі 5 ке дейін. Студенттер бұрынғыдай ХҚКО бармай-ақ осы жерден мекен-жай анықтамасын және сотталмағанын дәлелдейтін құжат алып, өзіне электронды сандық қолтаңба рәсімдей алады. Балқаш гуманитарлық техникалық колледжінде осы уақытқа дейін 500 студент сандық қолтаңбаға ие болған. Одан өзге жатақханаға орналасуға өтініш беру, жоғалған студенттік билеттің, дипломның көшірмесін жасату секілді ішкі қызметтер көрсетіледі.

Шынар Жексембина-БГТК кеңесші мененджері

«Студенттерге анықтама керек оқып жатыр деген, оқып кеткен балаларға да әртүрлі справка керек. 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Әр түрлі анықтамалар және дубликат. Маған келеді. Мені әрі қарай баруға болатын адамға жолдаймын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login