Балқашта оқушы қызға қаңғыбас иттер шабуыл жасады

Техснаб кентінде оқушы қызды қаңғыбас иттер талай жаздады. Абырой болғанда бала қашып үлгерген. Жергілікті тұрғындар иесіз иттер әбден үрейімізді алып бітірді дейді. Күн суытқанда олардың қарасы көбеймесе азаймайтын көрінеді.

Балқаш тұрғыны Кристина Бешекова енді Техснаб кентіне жалғыз баруға қорқады. Осыдан бір апта бұрын 13 жастағы оқушы қызды бір топ қаңғыбас ит  талай жаздаған. Ол мұндақаладан өзінің төбетін тамақ беруге келген. Автобустан түсісімен 5 шақты қаңғыбас ит оның артынан еріп қалмай қояды, кейін абалап қуа жөнеледі. Абырой болғанда Кристина қашып үлгеріп, аман қалады.

Кристина Бешекова – Балқаш тұрғыны « Иттер қолымда тамақ бар екенін сезіп, менің артымнан жүгіре жөнелді. Мен жылдам көрші үйдің шарбағынан қарғып үлгердім. Біразға дейін мені торуылдап жүрді».

Осы оқиғадан кейін ветеринарлар Техснаб кентіне барып иесіз жүрген 10 шақты иттің көзін жойған. Мамандардың айтуынша, олар тұрғындардан өтініш келген бойда қаңғыбас иттерді аулауға шығады Бірақ, қараусыз дала кезіп жүрген төрт аяқтылардың саны бұдан азаяр емес.

Жеткін Сүйіндіков – ветеринария бөлімінің бас маманы

« қала бойынша кенттерде қаңғыбас иттер жүрген жағдайлар бойынша қалалық ветеринарияға хабарласуға болады. Телефон нөмірлері 6-99-91, 6-99-93. Ол үшін келіп өтініш жазудың қажеті жоқ».

Бүгінгі таңда қаңғыбас иттерді атқаннан басқа шара жоқ. Өйткені кастрация жасату және зарарсыздандыру үшін жануарларды оңалтылуға арналған арнайы орындар керек.

СаматМолдабеков – ветеринария бөлімінің жетекшісі

«Жануарларға ота жасалғаннан кейін жазылып кеткенше күтім керек. Осындай тұстарын аяғына дейін қарастырмадық. Сондықтан да бюджеттен ақша бөлінбеді».

Мал дәрігерлері қалада жануарларға арналған орын табылған бойда кастрация мен зарарсыздандыруға мемлекеттен қаржы бөлуге өтініш тастаймыз деп отыр. Айтуларынша, бір итке отадан кейін оңалтуға керекті дәрілерін санамағанда 3-5 мың теңгеге дейін ақша жұмсалады.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login