##i-vengo banner

Балқашта медициналық колледж жатақханасы күрделі жөндеуден кейін ашылды

Балқашта медициналық колледж жатақханасы күрделі жөндеуден кейін ашылды. Жаңалау жұмыстары өткен жылдың жаз айында басталған болатын. Егер бұрындары 5 қабатты ғимаратта тек бір ғана жуынатын бөлме болса қазір әр қабатында бар. Жиһаз, техника да сатылып алынып,сужаңа кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар студенттерге пайдалануға берілді.

3 курс студенті Айгерім Жансейітқызы бұрынғы жатақхананың жағдайын жақсы біледі. Приозерсктан келген бойжеткен 1 курста осында тұрған. Ол кезде ғимарат іші суық, әрі тек бір ғана жуынатын бөлме болған. Содан пәтер жалдап тұрған Айгерім жөндеуден кейін жатақханаға қайта оралды.

Әйгерім Жансейтқызы –медициналық колледж студенті

«Душта кезекте тұратынбыз. Оқу залы біреу ғана болатын. Қазір жағдайымыз өте жақсы. Комнатамыз ыстық.

Ғимараттағы 4 қабаттың әрқайсы 4 секцияға бөлінген. Жуынатын бөлме әрбірінде қарастырылған. Тіпті кіржуғыш машиналарда орнатылған. Әр қабатта ас әзірлейтін 2 бөлме бар.

Айдана Айтжан – медицианалық колледж директоры
«Бізде бұрында тынығу комнатасы болмаған. Енді осында әр сенбі сайын жиналып, ойындар ұйымдастырамыз. Әр сенбі сайын кештер өтіп тұрады».

Ал ғимараттың 5 қабаты жаңадан келетін дәрігерлерге арналған. Мұнда бір және 2 бөлмелі 16 пәтер бар. Алғашқылардың бірі болып Алматыдан келген жас маман Сандуғаш Абдазиова қоныс тепкен. Жары екеуі терезесі көлге қарайтын бөлмені таңдапты.

СандуғашАбдазимова — жалпы практика дәрігері

«Бірінші емханада жұмыс жасаймыз. Жалпы практика дәрігері. Енді осы жаққа көшіп келейін деп жатырмыз. Тек қана коммуналдық қызметті ғана төлейміз. Техниканың барлығы жаңа».

Жатақхананың жөндеу жұмысына жергілікті және облыстық бюджетен 200 млн теңге жұмсалды. Оның 30 миллионына тұрмыстық техника мен жиһаз алынған. Ал құрылыс жұмыстары жарты жылға созылды. Қазір мұнда 220 студент тұрады. Ал негізі жатақхана 300 орынға арналған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login