##i-vengo banner

Балқаш тұрғыны поезд астына түсіп мерт болды

Балқаш тұрғыны поезд астына түсіп мерт болды.  33 жастағы азамат теміржол торабына жүгіріп шыққан. Болжам бойынша, төтенше оқиға кешкі 7-лер шамасында Көкдомбақ-Балқаш станциясының бойында болған. Балқаш арқылы өтетін тасымалдаушы поезд Астанадан Семейге бара жатқан. Жүрдек көлік жүргізушісі жолға қарай жүгіріп келе жатқан ер адамды 200 метр қашықтық қалғанда байқап, дабыл қағып, тежегішті басады. Бірақ, Балқаш тұрғыны қашып үлгермей поездың астына түсіп мерт болды. Қазіргі таңда, істің мән-жағдайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login