##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 08.01.2019

  1. Пара бермек болған Қарағанды облысының екі тұрғынына қомақты айыппұл салынды. Облыста өткен жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылған. 1 жыл ішінде Мемлекеттік қызмет Департаментіне 73 өтініш келіп түсіпті. Барлық шағымдар бойынша түсініктемелер беріліп, кінәлі адамдар сотқа тартылған. Олардың көбісі мемлекеттік қызметкерлер.
  2. Қарағанды-Балқаш тас жолында жоғалған азаматтың туыстары ол жайында мәлімет берген адамға сыйақы төлейтіндерін мәлім етті. 27 желтоқсан күні 32 жастағы ер адам Қарағандыға бару үшін Балқаштан автобусқа отырған. Содан адамға лық толы қоғамдық көлік Ақсу-Аюлы елді мекеніне жеткенде аялдамаға тоқтайды. Дмитрий Чесноковбасқа жолаушылармен бірге көліктен түсіп кеткен. Бірақ қайтып келмеген. Ал заттары автобуста қалған. Ол жайында қандай да бір ақпарат берген адамға туыстары сыйақы төлеуге дайын.  Ерекше белгілерін айта кетсек, бойы 170-175см. Көзі көк, қасының үстінде тыртығы, қолында татуы бар. Үстінде «АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнының арнайы киімі болған. Көрген-білген адам болса 102 нөміріне хабарласыңыздар.
  3. Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері қымбаттады. Оған себеп, 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің 5 пайызға өсуі. Енді көлік жылдамдығын 10-20 шақырымға асырғандар 12 625 теңге төлейді. Бұл былтырғыға қарағанда 600 теңгеге қымбат. Ал егер жүргізуші автокөлігін тротуарға қойса немесе сол жерге тоқтаса 24 мың емес, 25250 теңге төлеуге тура келеді. Жаңа жылдан бастап автотранспорттарға салынатын салықта біршама өскен. Мысалға, былтыр көлік үшін салық 2 АЕК, яғни 4810 теңге болса, енді 5050 теңге. 3 АЕК 7215 теңгенің орнына 7575 теңге болды. Ал қозғалтқышының ауқымы үлкен көлік иелері үшін салық мөлшері 15 мыңға дейін қымбаттаған. Құжат рәсімдеу бағасы да өзгерді. Енді жеке куәлік жасату 505 теңге болса, шетелге шығу төлқұжаттының құны – 20 200 теңге.
  4. Оқушылар сарайының арты аққалалар қалашығына айналды. Каникулда демалып жатқан мектеп оқушылары қардан мүсін жасаудан сайысты. Жылда өткізілетін жарысқа 8 команда қатысты.  Олар №2, 15, 17, 7 гимназия және 2 мектеп интернаты мен №5,8,16 мектеп оқушылары. Қардан мүсін жасау үшін әр командаға күрек пен 1 шелек су және 30 минут уақыт берілді. Таза ауадағы байқау 1 сағатқа созылды. Соңында жеңімпаздар анықталып, мараптталды. Сонымен  №8 мектеп ең үздік аққала авторы атанды. Ал 2 лицей күміс жүлдеге лайық деп танылды. Қоланы №15 пен №16 мектеп командалары бөлісті.
  5. Балқаш қаласында христиан дінін ұстанушылардың мерекесі — Рождество тойланды. Таңертең  шіркеудегі діни рәсімдерді орындаудан басталған мейрам әрі қарай далада би билеумен жалғасты. Тұрғындарға тәтті тамақтар үлестіріліп, балалар тоқаштарға сурет салып жарысты.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login