Балқаш жаңалықтары 24.12.2018

  1. Балқашта автокөлік бағдаршамға соғылды. Жол көлік оқиғасы Ағыбай батыр мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болған. Ағыбай батыр көшесінің бойымен келе жатқан Лексус көлігінің жүргізушісі бағдаршам бағананы соғып, майыстырып жіберген. Оқиға демалыс күндері түнгі сағат 11-лер шамасында  тіркелді. Құзырлы органдардың айтуынша, 27 жастағы жүргізуші көк тайғақтың салдарынан рөлді басқара алмай қалған. Абырой болғанда өзі аман.
  2. Балқаштық жомарт жандар 8 жастағы баланың еміне 300 мың теңге жинап берді. Жексенбі күні қаланың ерікті жастары Алида Дидарқызына арнап  қайырымдылық кешін өткізді. 8 жастағы Алида сал ауруына шалдыққан.  Израиль елінің дәрігерлері бүлдіршінді ем алуға шақырған.  Алайда, шетлеге бару үшін 5 миллион теңге қажет. Балқаштық еріктілер қала бойынша ақша салатын 3 жәшік қойып, жазда ақылы шеберлік сағаттарын өткізді. Енді міне жаңа жыл қарсаңында концерт өткізіді. Нәтижесінде кешке келген елден 300 мың теңге жиналды.
  3. Балқашта жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылды. Мерекелік кеш 50-ден аса аяз ата мен ақшақарлар шеруімен басталды. Одан әрі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Ал бас шыршаның шамдарын жылдағы дәстүр бойынша қала әкімі жақты.
  4. Бүгін Балқашта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қала әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жылдық мереке оқушылар сарайында ұйымдастырылды. Аяз ата мен ақшақар, түрлі ертегі кейіпкерлері қойылым қойып ерекше балалардың көңілін көтерді. Әкімнің шыршасына әлеуметтік жағдайы төмен 140-қа жуық бүлдіршін шақырту алған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login