Балқаш жаңалықтары 20.12.2018

  1. Қаламызда автокөлік жүріп келе жатып, өртке оранды. Төтенше жағдай таңертең 8-дер шамасында Амангелді мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болды. Шашубай кенті жақтан қалаға қарай беттеген Volkswagen жүргізушісі капоттан өрттің шыққанын байқап, көлікті бірден тоқтады. Автомобиль иесі лапылдаған жалынды өрт сөндіргіш құрал арқылы өзі сөндірмек болған. Алайда, қатты тұтанған тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмаған соң, құтқарушылар шақырған.
  2. Балқаш қаласының бас жоспары қоғамдық тыңдалымда талқыланды. Алматыдан келген «Қазгипроград» жобалау институтының мамандары  алдағы 17 жылда Балқашта қандай өзгерістер болатынын жіпке тізіп берді.  Енді қала шығысқа қарай дамиды, әрі шаһарға кіретін тағы бір жол пайда болады.
  3. Балқаштың орталық кітапханасында коворкинг орталығы ашылды. Енді оқырмандар жұмсақ жиһаз қойылып, заманауи үлгіде безендірілген залда еркін отырып кітап оқи алады. Тіпті шахмат, дойбы ойнауға да мүмкіндік бар. Сондай –ақ, тегін wi-fi желісін пайдаланып, оқулықтың электронды нұсқасын  көшіріп ала алады.
  4. Балқашта қаланың бас шыршасы құрылды. Жаңа жылдың басты символы бұрынғыдай Тәуелсіздік алаңына емес  мәдениет сарайының артындағы саябаққа орнатылды. Былтыр жаңадан әкелінген 15 метрлік шыршаны жаңа орынға құруда.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login