Балқаш жаңалықтары 13.12.2018

  1. Полиция қызметкерлері 25 жастағы Рүстем Кажкеровты іздестіруде. Ол қалалық бассейнің жанындағы құрылыста жұмыс істеген. 6 желтоқсан күні таңғы 10-да шығып, не үйіне, не жұмысқа қайтып бармаған. Үстінде қара күртеше, қара кепка, көк джинсы және қара бәтеңке болыпты. Бойы 180см, орташа денелі, желкесінде ойығы бар. Шашы қара. Тәртіп сақшылары бұл адамды көрген жандар болса немесе қандай да бір ақпарат білсе 102  немесе 8705 326 86 98 нөміріне хабарласуларын сұрайды.
  2. Мектеп асханаларында сатуға тыйым салынған тағамдардың тізімі артты. Оқушылар енді пицца, шұжық салынған бәліш және гамбургер жей алмайды. Үкімет жаңа ереже бекітіп берді. Оған барлық оқу орындары бағынуы тиіс.
  3. Балқаш көлінде сазан және сом балықтары азайып барады. Есесіне лещтің саны көбейген. Ал, судың деңгейі өзгеріссіз. Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты балқаш көліне жүргізген тексерістің нәтижесімен бөлісті. Мамандар сәуір мен қыркүйек айы аралығында Балқаш акваториясына және Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінде 10-ға жуық экспедиция жүргізген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, су деңгейі өзгермеген.
  4. Балқашта денсаулық жүйесін цифрланданыру сәтті жүзеге асуда. Мәселен қазір тұрғындар дәрігер қабылдауына үйден шықпай-ақ жазылып, тапсырған анализ қорытындысын да көре алады. Мұның барлығы онлайн тәртіпте жүзеге асады.
  1. Тәуелсіздік күніне орай 30-ға жуық зауыт қызметкері қала әкімінің алғыс хатына ие болды. Көп жылдар бойы талмай қызмет еткен еңбеккерлерді шаһар басшысының орынбасары Айдын Қапашев марапаттады. Еліміздің басты мерекесіне арналған жиында Қазақмыс Смэлтинг компаниясында тер төгіп жүрген механиктер мен инженерлерге және басқа да жұмысшыларға алғыс жарияланды.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login