Балқашта 25 жастағы жігіт жоғалды

Балқашта жас жігіт жоғалды. Полиция қызметкерлері 25 жастағы Рүстем Кажкеровты іздестіруде. Ол қалалық бассейнің жанындағы құрылыста жұмыс істеген.  6 желтоқсан күні таңғы 10 да шығып кетіп, не үйіне, не жұмысқа қатып бармаған. Үстінде қара күртеше, қара кепка, көк джинсы және қара бәтеңке болыпты. Бойы 180см, орташа денелі, желкесінде ойығы бар. Шашы қара. Тәртіп сақшылары бұл адамды көрген жандар болса немесе қандай да бір ақпарат білсе 102  немесе 8705 326 86 98 нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login