«Қазақмыс» корпорациясының 30-ға жуық қызметкері қала әкімінің алғыс хатына ие болды

Тәуелсіздік күніне орай «Қазақмыс смэлтинг» корпорациясының 30-ға жуық қызметкері қала әкімінің алғыс хатына ие болды. Көп жылдар бойы талмай қызмет еткен еңбеккерлерді шаһар басшысының орынбасары Айдын Қапашев марапаттады. Еліміздің басты мерекесіне арналған жиында механиктер, инженерлер, және басқа да жұмысшыларға алғыс жарияланды. Сондай-ақ Балқаш түсті металлургия цехының есепшілері мен слесарьларына, электромонтерларына  құрмет грамотасы табысталды. Мұндай құрметке  түсті металдарды өңдеу зауытының басшылары мен шеберлері және кран машинистері де ие болды.

Оразғалы Кауазов  — Жүк көтеру механизмдерін жөндеу шебері: «Мына жерде енді тек қана қуанышты емеспин төбем көкке жетпей тұр өйткені заводта істегеніме 32 жыл болды биыл 33 жылға асты  5 жыл электромонтер болып істедім. Осы еңбегімді ақтап сенім артқан завод басшыларына ,цэх басшыларына одан кейін ең бастысы әкімге рахметімді айтамын.»

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login