Көл жағалауында кәріз құбырын салу аяқталды

Құрылысшылар астаң-кестеңі шыққан аймақты қалпына келтіруге көшті. Жерді тегістеп, брусчаткаларды қайта төсеуде. Қазіргі таңда 500 шаршы метр жерге тротуар салынған. Ал жыл соңына дейін 6 мың шаршы метр аймаққа қиыршық тас төселеді. Көктемде жұлынған жасыл-желектің орнына жас көшеттер отырғызылады.

Учар Февзи – «Қаз Гарнт  Строй» компаниясының басшысы:

«Бұрын қалай болды, солай бәрін қайта қалпына келтіреміз. Біз өз жұмысымызға 1 жыл кепілдік береміз. Барлық жұмысты желтоқсан айының соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.»

Еске сала кетейік, қаланың кәріз желілерін жаңалау өткен жылы қолға алынған болатын. Ол үшін Спицын көшесінің бойында жарылыс жұмыстары жүргізіліп, траншея қазылды. 8 метр тереңдікке  3 мың тер құбыр салынды. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login