##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 05.12.2018

  1. Балқаш байыту фабрикасында 48 жастағы ер адам мерт болды. Бейресми дерек бойынша зауыт қызметкерін жұмыс барысында кен үйіндісі басып қалған. Сол күні ер адамға орта және ұсақ тастарды ұсақтау аймағындағы бункерді тазалауға тапсырма берілген. Өзіне жүктелген қызметті орындау барысында оның үстіне кен үйіндісі төгілген. Нәтижесінде ол сол жерде көз жұмады.
  2. Балқашта Жидебай батыр мөлтек ауданында жылу құбыры жарылып, үйдің жертөлесін су басып қалды.  Ал ыстық судан шыққан бу 5 қабатқа дейін жайылған. Оны көріп шошынған тұрғындар барлық коммуналдық мекемелерге қоңырау шалған.
  3. Жаңа жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі. Қазір ең төменгі еңбекақы мөлшері 28 мың болса 2019 жылдан бастап 42 500 теңгені құрайды.  Сондай-ақ, келер жылы зейнеткерлердің де табысы ұлғайады. Елімізде  “2019-2021 жылға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасы бекітілді. Оған сәйкес 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңге болмақ. Қазіргімен салыстырғанда 14216 теңгеге көп.
  4. Қала әкімінің грантын ұтып алуға әлі де мүмкіндік бар. Егер өз кәсібіңізді дамытқыңыз келсе немесе жаңадан бизнес ашпақ ойыңыз болса онда байқауға қатысып, бағыңызды сынап көріңіз. Өтініштер 10 желтоқсанға дейін жастар ресурстық орталығында қабылданады. Ал гранттың жалпы сомасы 2 млн теңге.
  5. Балқаш маңындағы «Факел» монументінің тұрғызылғанына 40 жыл. Белгінің дәл көл жағасындағы төбеге орналастыруының өзіндік мәні бар. Себебі, бұл жерде әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет тотыққан кеннен мысты концентрат алған байыту фабрикасы болған.
  6. 5 желтоқсан — дүние жүзі бойынша халықаралық еріктілер күні. Атаулы дата  осыдан 30 жылдан аса уақыт бұрын пайда болған. Мереке бос уақыттарын өзгелерге қол ұшын беруге арнайтын жандардың еңбегін бағалауға бағытталған. Балқаштықтар да қайырымдылық жасаудан қалыс қалып жатқан жоқ. Оған дәлел, талайларға көмек беріп жүрген қайырымдылық мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер.
  7. Өнер мектебінің оқушылары Республикалық және Халықаралық байқауда жеңіске жетті. Әншілер мен бишілер гран при және бірінші орынмен оралды. Осындай жоғарғы марапатқа қаламыздың екі әнші қызы ие болды.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login