Балқашта балалар арасында футбол және үстел тенисінен біріншілік өтті

Өткен мереке күндері Балқашта балалар арасында футбол және үстел тенисінен қалалық біріншілік өтті. Жеңімпаздарды анықтау екі күнге созылды.

Мереке күндері оқушылар үстел тенисінен өзара мықтыны анықтады. Жарысқа 40-тан астам қатысушы жиналды. Ең кішкентайы 7-де болса, ең үлкені 15 -те. Қарсыластар 11 ұпайға дейін ойнады.

Сайыстың нәтижесі бойынша қыздар арасында үлкен топта Венера Дереченко, орта топта Варвара Станина ал кіші топта Айгерім Тишбек жеңіске жетті. Ал ұлдар арасында Жансұлтан Марғұлан және Әмір Нүркібеков топ жарды.

Варвара Станина – жарыс жеңімпазы
«Мен бұл жарыста 5 кездесу өткіздім. Алдыңғы 4 қарсыласымды 2:0 есебімен ұтып, финалға жеттім. Ал соңғы ойында 2-1 есебімен жеңіс маған бұйырды».

Мерекеде кішкентай футболшылар да өз шеберліктерін сынады. Мысшылар стадионында 10-11 жастағы балалардан құралған 6 команда шағын футболдан жарысты. Қорғаушылар мен шабуылшылар барын салып ойнады.

Рамазан Көкен-«Барыс» командасының капитаны
«Біз сұңқар деген комадамен ойнадық. Оларды 3:0 есебімен жеңдік. Ол жерде барлығы жақсы ойнайды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынға«Барыс» тобы қол жеткізді. Ал екінші орынға Пума командасы жайғасса, қола жүлде Жолбарыстарға бұйырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login