Балқаш жаңалықтары 29.11.2018

  1. Балқаш-Бурылбайтал автомобиль жолын қайта жаңартуға 490 млн доллар бөлінетін болды. Бұл қаржы Алматы-Хоргос тас жолын жөндеу кезінде үнемделген сома. Бұл туралы инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады. Шенеуніктің айтуынша қазір Балқаш-Бурылбайтал автомобиль жолының сапасы төмен, үшінші деңгейге жатады.
  2. Қалалық  оқушылар сарайында  дәстүрге  айналған «Алтын бала»  форумы өтті. Жыл  бойы   оқуда озат болып, қоғамдық шараларға белсене қатысқан  түрлі  сайыстарда  жүлдеге ие болған оқушылар  ұлықталды. Биылғы жылдың  «Алтын  бала» номинациясы  нөмір  15 мектеп-лицейінің  оқушысы   Әсем Ерғалиға бұйырды.
  3. Балқашта  «Халықтық заңгер» деген атаумен  жалпы республикалық акция өтеді. Бір күнде, бір уақытта құқық саласының мамандары тегін кеңес береді. Акция 30 қараша күні сағат 17:00 те басталады. Акция «Күлия» сауда орталығында өтеді.
  4. Қазақстандықтардың 46 пайызы өз телефонын тіркемеген. Енді олар жаңа жылда байланыссыз қалуы мүмкін. Себебі 1 қаңтардан бастап сим картасын ЖСН және телефонның IMEI кодына тіркеу туралы  жаңа заң күшіне енеді.
  5.  Бүгін қала әкімі ҰОС ардагерлерінің үйіне барып, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Құр қол емес. Әрқайсына ақшалай сый мен гүл шоғын табыс етті.
  6.  Балқашта күн суытады. Қыстың алғашқы күні аяз түседі. Синоптиктердің болжауы бойынша ертең жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.  Түстен кейін жылдамдығы 30 метрге дейін жететін жел тұруы ықтимал. Ал 1 желтоқсан күні нағыз қыс басталады. Ауа темперетурасы күрт төмендеп, күндіз -10, түнде -15 градусқа дейін аяз болады.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login