##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 28.11.2018

  1. Қарағанды облысы жемқорлықпен күресте Елорданың тәжірибесін қолдануға көшті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қарағандыға ат басын бұрып, ауқымды жобалардың бастамасына түрткі болды.
  2. Егер тәртіп сақшылары тарапынан қандай да бір заңсыз әрекетті байқасаңыз 1402 нөміріне қоңырау шалып, хабарлама қалдыруға болады. Сіздің қоңырауыңыз тіркеліп, істің мән-жайы тіркеледі. Жүргізушілер де бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Жол бойында тәртіп сақшылары себепсіз тоқтатып, құжаттарыңызды тексерсе және басқа да түсініксіз жағдайлар орын алса, онда ІІМ сенім телефонына хабарласыңыздар.
  3. Балқашта жыл басынан бері 20-ға жуық кәріз құдықтарының қақпағы қолды болды. Оның ішінде тек бір ғана ұрлықтың беті ашылып, екі қақпақ қайтарылған. Жалпы, «Балқаш Су» мекемесінің балансында 13 мың кәріз құдығы бар. Биылдың өзінде оның 300-і полимерлі-құмнан жасалған жаңасына ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейік, егер беті ашық, қақпақтары сынық құдықтарды көрсеңіздер 5-10-45, 4-16-65 нөмірлеріне хабарлай аласыздар.
  4. Балқаштық мектеп оқушылары арасында шахматтан спартакиада басталды. Интеллектуалдық ойында 6 команда бақ сынауда.  Үш күн бойы 20-дан аса қатысушы  өзара үздіктерді анықтайды.
  5. Қазақстандық жастар  енді кәмелетке толмайа-ақ, 16 жастан бастап ата-анасының келісімінсіз гинеколог, психолог секілді мамандарға жүгіне алады. Денсаулық сақтау министірлігі заңға осындай өзгеріс енгізуді сұрап отыр. Министірдің пікірінше кейбір жастар өз мәселесін үйге айтуға ұялады. Сондықтанда жасөспірімдерге өз бетінше шешім қабылдауға рұқсат беру қажет.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login