29 қараша. Атаулы күндер, тарихи оқиғалар

29 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1985 жылы Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры ашылды, онда барлық қойылымдар екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде ойналады;

1994 жылы Алматыда Қазақстандағы үнді әдебиеті күндері өтті;

2007 жылы Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Қабдоловтың мұражайы ашылды;

2014 жылыАлматыда Қазақ спорт және туризм академиясында Шоқан Уәлиханов атындағы туризм академиясы ашылды.

29 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:

— 1802 жылы неміс жазушысы-ертегіші Вильгельм Гауф дүниеге келді («Кішкентай Мук», «Ергежейлі Мұрын»);

— 1899 жылы италиялық көп жасаған кісі Эмма Морано дүниеге келді. Ол 2016 жылдың 12 мамырынан бастап 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін Жердің ең қарт тұрғыны атанды;

— 1930 жылы кеңестік және ресейлік актриса, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2001) Нина Гребешкова дүниеге келді. («Бриллиантовая рука», «Не может быть!», «Спортлото 82» фильмдері);

— 1966 жылы ресейлік театр мен кино актері Евгений Миронов дүниеге келді. («Жена керосинщика», «Утомленные солнцем», «Охота на пиранью», «Охотники за бриллиантами» фильмдері).

29 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді:

— 1909 жылы медицина ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері  Естөре Оразақов дүниеге келді;

1948 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков дүниеге келді;

— 1960 жылы Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі (2014 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2015 жылдан бастап) Дулат Қуанышев дүниеге келді;

— 1971 жылы Астана әкімі Бақыт Сұлтанов дүниеге келді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login