Зауыт жұмыскерлері цехтан шығып спортзалда күш сынасты

Зауыт жұмыскерлері цехтан шығып спортзалда күш сынасты. Қара мыстың алынғанына 80 жыл толуына орай футболда, волейболдан, арқан тартыстан және кір тасын көтеруден, қол күрестен жарыс өтті.

Бұл күні әйелдер қауымы волейболдан жарысты. Анод, мыс балқыту және конвертор учаскесінде жұмыс істейтін нәзік жандар өзара екі командаға бөлінген. Олар әдеттегідей 25 емес 16 ұпайға дейін ойнады. Нәтижесінде анод цехының кран машинистері қарсыластарын 14:16 есебімен жеңіп шықты.

Анна Голубева-анод учаскесінің  кран машинисті:

«Волейболды соңғы рет мектеп кезінде ойнағанмын. Бүгін барынша жақсы ойнауға тырыстық. Аллдын ала дайындалуға уақыт тығыз болды. Деседе бірінші орын алдық. Өте қуаныштымыз.

Бұл уақытта ерлер қауымы қол күрестіріп, күш сынасуға кірісті. Бұл сайысқа  өзінің білек күшіне сенген 20 адам қатысты. Алайда мыс балқытушы Қайрат Насыров өзіне қарсылас шақ келтірмеді.

Қайрат Насыров-мыс балқытушы:

«3 қарсыласым болды, үшеуінде жеңіп бірінші орын алдым. МПЦ да жұмыс істегеннен кейін шығар күш-қуат берген.

Одан кейін ерлер кір тасын көтеруден сайысты. 10 нан аса жұмыскер жеңімпаз атағына таласты. Дегенмен Мейірбек Ниязбеков 24 келілік кір тасын 52 рет бастап асырып, басқаларды басып озды.

Мейірбек Ниязбеков-конверторшы:

«Былай бос уақытымда қол күреспен айналысамын. 24:17 Железная рука деген жарыс болған чемпионат. Содан бірінші орын алдым. Одан кейін тағы Теміртауда болды. Облыстың әрбір жерінен келеді ғой. Мен Балқаштың намысын қорғадым.

Зауыт жұмыскерлері бұл күні арқан тартысып, қазақтың ұлттық ойынан сынға түсті. Екі топқа бөлінген ойыншылар, барынша жеңіске жетуге тырысты. Деседе жеңіс мыс балқыту учаскесіне бұйырды.

Бұл күні футболдан финалдық ойын өтті. Бірінші орынға анод учаскесі мен механиктер қызметі таласты. Нәтижесінле 5-3 есебімен анод учаскесінің жұмыскелері чемпион атанды. Ал қола жүлде газ жолдарын тазалаушыларға бұйырды.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login