Балқашта мұздан жасалған мүсіндер байқауы басталды

Жаңа жылға қарсы Балқашта мұз қалашығы пайда болады. Оны қала тұрғындары тұрғызуы тиіс. Ең әдемі, көрікті фигура авторларына сый беріледі. Оған ниеті бар кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін бар болғаны 11 желтоқсанға дейін мәдениет бөліміне өтініш берсе жеткілікті. Мұз қалашығы мәдениет сарайының артына орналасады. Лабиринт, мүсін секілді түрлі дүниелерді жасауға болады. Егер ауа-райы қолайсыз болса, мұздың орнына металл немесе ағашты қолдануға рұқсат. Үздік жұмысты қазылар алқасы таңдайды. Ал жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша марапатталады.

Оған қоса жаңа жылға орай безендірілген ғимараттардың сырты да бағаланады. Бұл байқауға білім мекемелері, жеке-меншік фирмалар және ұйымдар қатыса алады. 19 мен 25 желтоқсан аралығында комиссия мүшелері қаланы аралап, ең ерекше әсемделген ғимараттарды таңдайды. Ал жеңімпаздардың есімі 25 желтоқсан күні белгілі болады. Қатысуға өтініш білдіру 10 желтоқсанға дейін мәдениет бөлімінде қабылданады.

 

«Ең үздік мұз қалашығы-2019»  байқауы

Өтініштер 11 желтоқсанға дейін қабылданады

Ленин көшесі 32, 2 қабат  «мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі

Тел.: 4-77-51; 4-87-08

Электронды мекен-жай:  balkhash-kultura@mail.ru

Өтініште көрсетілуі тиіс: — жобаның атауы

— қатысушылар саны

— жетекшінің аты-жөні

— байланыс телефоны

 

 

«Ең үздік безендірілген ғимараттар сырты» қалалық байқауы

Өтініштер 11 желтоқсанға дейін қабылданады

Ленин көшесі 32, 2 қабат  «мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі

Тел.: 4-77-51; 4-87-08

Электронды мекен-жай:  balkhash-kultura@mail.ru

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login