Балқаш жаңалықтары 22.11.2018

  1. Балқашта ағаштарды жасарту жұмыстары басталды. «Балқаш Универсал» жұмыскерлері діңгегі шіріп, бұтағына құрт түскен талдарды ортасынан кесуде.  Мұндай  шара тұрғындардың келісімі  бойынша жасалады. Биыл 5 мекен-жайдан өтініш келіп түскен.
  2. Балқаштықтар «Нұр Отан»  партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумына қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара Астанада өтті. Форумға еліміздің әр өңірінен келген 600-ден астам делегат келген. Балқаштан Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Секербекова  және маслихат депутаты Лидия Власова барды. Бүгін олар балқаштағы партия мүшелерімен кездесіп, форумда айтылған дүниелерді жеткізді.
  3. Балқашта  «Халықтық заңгер» деген атаумен  жалпы респуликалық акция өтеді. Бір күнде, бір уақытта құқық саласының мамандары тегін кеңес береді. Акция 30 қараша күні сағат 17:00-де басталады. Кеңес беру тегін. Акция «Күлия» сауда орталығында өтеді.
  4. Балқашта кикбокстан ересектер арасында Қазақстан кубогы басталды. Қаламызда алғаш рет өткізіліп отырған жарыс еңбегі ҚР сіңген жаттықтырушы Мейрам Боранбаевты еске алуға арналған. Өз күшін сынап көруге 100-ден аса спортшы келді. Араларында әлем чемпиондары да бар.
  5. Қарағанды облысында қатты жел тұрады. Мұндай ауа-райы балқашқа да қатысты.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login